Елбасы Еуразия ұлттық университеті жанынан жастар ғылыми-зерттеу орталығын құруды ұсынды

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті жанынан жастар ғылыми-зерттеу орталығын құруды тапсырды.

«Жастар ортасындағы үдерістерді терең зерттеу қажет. Сондықтан да, Білім және ғылым министрлігіне Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан жастар ғылыми-зерттеу орталығын құруды тапсырамын», - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Үкіметке жастар «лифтілерін» қалыптастыруға қатысты заңнамалық-экономикалық кешенді шараларды қамтыған жүйелі пакеттерді әзірлеуді тапсырды.

«Жас Отан» жастар қанатының да жұмысын нығайту керек. Партияның орталық аппаратына «Жас Отанның» 2020 жылға дейінгі іс-қимылдар стартегиясын әзірлеуді тапсырамын. Мен Азаматтық альянс бастамасымен бүкіл елде «Болашақ бүгіннен басталады» деген акция жүріп жатқанын білемін. Оның шеңберінде мен жастармен кездесуге әзірмін», - деген Елбасы,  депутаттарға, министрлерге, облыс басшыларына жастармен жиі-жиі кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беруді, олардың өмірімен етене таныс болуды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар