+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елбасы Еуразия экономикалық одағының болашағы туралы айтты

2019 жылғы 12 қараша 12:41
Бөлісіңіз:
Елбасы Еуразия экономикалық одағының болашағы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразия экономикалық одағы Қазақстанның үмітін қаншалықты ақтады?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев билік транзиті туралы пікір білдірді Елбасы: ЕО мен ЕАЭО – бір-бірін толықтыратын өзара байланысты ұйымдар Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Корея шиеленісін шешу жолдарын ұсынды

«Беловеж орманындағы көшбасшылар кездесуінен кейін Совет одағы тарап кетті. Осыдан кейін жан-жаққа бытырай қашып кетпес үшін қандай да бір ұйым құруды ұсындым. Балқан түбіндегі оқиға бізде қайталанбасын деген ойда едім. Осылайша, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды. Ол ұйымның да біздің ескі астанамыз – Алматыда 1991 жылдың 21 желтоқсанында құрылғанын еске салғым келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында.

Елбасы кезінде бір одақта болған мемлекеттер арасындағы экономикалық байланысты сақтап қалуы күш салынғанын еске алды.

«Совет одағында үлкен кооперация болды. Онсыз байланыстың бәрі үзіліп қалатын. Кәсіпорындар тоқтап, адамдардың бәрі жұмыссыз қала бастады. Алайда болмайтын дүние болмай қалды. Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін әр ел өз жолымен кете барды. Осылайша, ТМД кездесулері – президенттердің клубы болып қалды, кездесіп, сөйлеседі де кетеді. Жартысы құжатқа қол қойса, жартысы өз бетімен кететін. Сол себепті әртүрлі жылдамдықтағы интеграция керек деп ойладым: қаласа, қосылады, қаламағаны өзі біледі. Еуропалық одақ та бір күнде құрыла салған жоқ қой. Қазір онда да әлі күнге дейін проблемалар баршылық. Сол себепті мен сонау 1994 жылы Еуразиялық экономикалық одақты құру жөнінде ұсыныс айтқан едім», - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері бірігіп, ақыры Еуразия экономикалық одағы құрылғанын атап өтті.

«Одақ – экономикалық. Оған уақыт өте келе Қырғызстан мен Армения енді. 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. 2014 жылдан бергі бес жыл – жаһандық деңгейде ең сәтті уақыт болды деп айту қиын. Санкциялар мен сауда соғыстары болды. Оның бәрі бізге әсер етеді. Осыған қарамастан, біздің кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, біз аталған одақтың экономикалық комиссиясын құрдық. Сот, кедендік кеңістік құрылды. Құжаттарды бекіту арқылы алға жылжып келеміз. Ешкім де мұны пайдасыз демейді. Пайдалы екенін көріп отырмыз», - деді Тұңғыш Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы өзара сауда артып келе жатқанын, баяу болса да өнеркәсіптік кооперация да өскенін атап өтті.

«2025 жылы көлік пен газдың, электр қуатының ортақ нарығын құрамыз деп келістік. Бұл - өте маңызды шаруа. Оған да келеміз. Бұл біздің ары қарай дамуымызға оңтайлы жағдай жасайды. Жақында Санкт-Петербургте кезекті кездесу ұйымдастырылады. Әріптестерім - Еуразия экономикалық одағына кіретін елдердің басшылары мені құрметті төраға деп сайлады. Сондықтан, біз Еуропа одағымен келісім жасасақ дейміз. Еуразия экономикалық одағы мен Еуропалық одақ арасындағы байланыс арқылы сауда мүмкіндіктерін ашуға болады. Кейін ары қарай да жылжи аламыз. Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы зор деп ойлаймын», - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан экономикалық одаққа мүше елдердің бәрін қызықтырып отырғанын тілге тиек етті.

«Ол бізге көрші мемлекет. Осы жылдар аралығында Қазақстан ол елге үлкен көмек көрсетті. Мыңдаған ауғанстандық студент әртүрлі мамандық иесі атанып, бізде оқып жатыр. Бұл жұмыс жалғасады. Ауғанстанның дәл қазір Еуразия экономикалық одағына кіретіндей жағдайы болып тұрған жоқ. Ол жақта соғыс болып жатыр. Әлбетте, Ауғанстанның бізбен болғаны жақсы болар еді», - деп түйді Елбасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT