USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Елбасы Еуразия ауқымында жаңа ұйым құруды ұсынды

2021 жылғы 17 қараша 16:40
Бөлісіңіз:
Елбасы Еуразия ауқымында жаңа ұйым құруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үлкен Еуразияның төртжақты экономикалық форумын құру қажет. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрметті демалыстамын, ешқайда кеткен жоқпын – Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ Елбасы Қазақстан халқына үндеу жасады

«Еуразия елдері жаңа дағдарыстың алдын алу мақсатында жүйелі диалогты жолға қоюы қажет. Бұл үшін баяғыдан бері, тіпті үшінші елдермен де жұмыс істеп тұрған өңірлік халықаралық бірлестік негізгі арна бола алады», - деп еске алды Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.

ҚР Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, сонымен қатар таяуда құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы арасында тікелей байланыстарды дамытатын уақыт жеткенін атап өтті.

«Олардың барлығында ең алдымен экономикалық ынтымақтастыққа бағдарлану тән. Дәл осы экономикалық ынтымақтастық базасында саяси, мәдени және өзге де байланыстар артады. Бұл бүкіл ғаламшар үшін үлкен жеңіс болар еді. Осыған орай Үлкен Еуразияның төртжақты экономикалық форумын құруды ұсынамын. Онда елдеріміз Еуразиядағы кооперацияның барлық мүмкіндіктерін талқылап, ілгерілете алар еді. Қазақстан Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі мұндай форумды ұйымдастырушылардың бірі бола алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT