Елбасы Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша Қазақстанда қылмыс саны 16% азайған.

Сонымен қатар, Е.Тұрғымбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.

Соңғы жаңалықтар