+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елбасы: ЕО мен ЕАЭО – бір-бірін толықтыратын өзара байланысты ұйымдар

2019 жылғы 12 қараша 12:50
Бөлісіңіз:
Елбасы: ЕО мен ЕАЭО – бір-бірін толықтыратын өзара байланысты ұйымдар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық одақ пен Еуразия экономикалық одағы әріптестігінің диалогтық механизмін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев билік транзиті туралы пікір білдірді Елбасы Еуразия экономикалық одағының болашағы туралы айтты Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Корея шиеленісін шешу жолдарын ұсынды

«Әлі күнге дейін Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасында толыққанды диалог орнамаған. Бұл екі бірлестік географиялық және тарихи тұрғыда байланысты және бір-бірін өзара толықтырады. Қазіргі саяси түсініспеушіліктер бізді ажыратпауы тиіс. Бүгінде ЕО мен Ресей арасындағы қарама-қайшылықтарға нүкте қою қажеттігі туралы көп естиміз. Барлығы бұл наразылықтың мемлекеттер экономикасына қандай шығын әкеліп жатқанын түсініп келеді», - деді Елбасы «Astana Club» пленарлық отырысында.

Оның айтуынша, бұл қайшылықтар еш мемлекетке пайда әкелмейді.

«Сондықтан, ЕО мен ЕАЭО арасындағы әріптестіктің диалогтық механизмін енгізуді ұсынамын. Оның аясында жыл сайын Еуропалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық комиссия басшылары арасында саммиттер қарастырылуы тиіс. Мен Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде бұл процеске жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын. Экономикалық кооперация процестің барлық қатысушыларына пайда әкеледі деп сенемін», - деді Н. Назарбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT