Елбасы еңбекақы төлемеген кәсіпорын басшыларын жазалауды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек шартын бұзған жұмыс берушілерді заң бойынша жазалауды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел прокуратурасы жұмысшылардың еңбек құқығын бұзудың 37 мыңнан астам оқиғасын анықтады. Бұл тұрғыда еңбекақы бойынша қарыз, еңбек қауіпсіздігін бұзу, жалақыны дұрыс есептемеу, зиянды жағдайдағы жұмыс ішін үстеме төлемеу, шетел кәсіпорындарында біздің азаматтардың құқығын кемсіту секілді мәселелер байқалған. Осының барлығы немқұрайлылық пен тәртіпсіздіктің салдарынан болып жатыр, бұған жол бермеу керек», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұл тұрғыда Президент әкімдер мен прокуратурадан аталған мәселені бақылауда ұстауды талап етті.

«Қайда қарап отырсыздар? Осындай заңсыздықтарға жол бермеу керек. Олар шартты бекітті, сондықтан міндетті төлемдерін жүргізуі тиіс. Жұмысшыларды қорғауға мән беру қажет. Сондықтан осы мәселені қатаң бақылауда ұстап, заң бойынша жазалау керек», - деді Елбасы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа қарата айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар