Елбасы еңбек өнімділігін көтеру мәселін жетілдіруді жүктеді- Саяси кеңес бюросының отырысы

None
None
А. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі еңбек өнімділігін көтеру мәселін жетілдіруді жүктеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы еңбек өнімділігіне қатысты көрсеткіштерді айта келе, жалпы Қазақстан бойынша бір адамға 17 мың АҚШ долларынан келетінін айтты. АҚШ-та 90, Германияда 80, Австралияда 75 мың долларды құрайды. «Яғни, олардың бір адамы біздің 5 қызметкермен пара-пар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығындағы жағдай бұдан да төмен. Бізде 3 мың доллар, ал оларда 70 мың долларды құрайды»,-деді Президент.

Осы орайда Елбасы облыстарда нағыз іскерлік кеңестер өткізу керектігін атап өтті. Мәселен, ондағы мақсат - әр ай сайын бір адамның еңбек өнімділігін қанша теңгеге артуы туралы міндеттер қаралуы тиіс. «Алайда, бұл әрқилы жүргізіледі. Атап айтқанда, жұмысшылар санын қысқартып, аз құраммен ауқымды өнім шығаруы мүмкін. Бұл да әдіс болғанымен, бірақ ол ең бастысы емес. Осы жылдар ішінде бизнесмендер мен басқалары да тек сатып алуға және сатуға, сондай-ақ келісімшарттарға қол қоюға дағдаланып алды. Атап айтқанда, кен орынын алып, кейін оны 25 пайызға қымбаттау бағаға сатып табыс жасадым деп жатады. Бұл жұмыс емес, бұл қауқарсыз алыпсатар»,-деді Мемлекет басшысы.

Осындай жеңіл ақша табу өткен кезеңде қалғанын жеткізген Президент, «енді табыс жасау үшін еңбек ету керек болады. Яғни, әр компания, зауыт, фабрика әр ай сайын еңбек өнімділігін осындай көрсеткішке көтердім деп есеп беруі тиіс»,-деді.

Соңғы жаңалықтар