+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Елбасы елордадағы «жасыл белдеудің» даму барысымен танысты

2019 жылғы 18 қыркүйек 20:10
Бөлісіңіз:
Елбасы елордадағы «жасыл белдеудің» даму барысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «жасыл белдеудің» даму барысымен танысты, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуге сапарына қатысты видео жарияланды Елбасы: Халық денсаулығы – орнықты даму мен бақуаттылық негізі Бакудегі Саммитте Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі келешегі-2040» бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың ақпаратын тыңдады.

– Сіздің тапсырмаңызға сәйкес 1997 жылдан бастап біз «жасыл белдеу» құру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бүгінде оның ауданы 87 мың гектардан асады. Биыл отырғызу аумағы 4,6 мың гектарды құрады. 2022 жылға дейін біз жалпы жасыл желектің аумағын 100 мың гектарға жеткіземіз», – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Сонымен қатар, Елбасына агротехникалық іс-шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтерді жинау және талдау үдерістерін цифрландыру бойынша жоспарланған шаралар туралы ақпарат берілді.



Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне елорданы көгалдандыру нәтижелері және «жасыл белдеуді» Бурабай орман алқабымен қосу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Ұсынылған баяндамаларды назарға ала отырып, Нұрсұлтан Назарбаев елорда төңірегінде «жасыл белдеу» құру тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде қолданудың маңызын атап өтті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT