Елбасы елордада жаңадан тапсырылған қонақүйде болды

None
None
анның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада 4 жұлдызды стандарт санатында жаңадан салынған «Кинг Отель Астана» қонақүйінде болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бұл төрт жұлдызды қонақүйге үлкен қаржы төленбейді, яғни орта табысы бар азаматтарға, Астананың қонақтарына, туристеріне жағдай жасалып отыр. Бұл жақсы бастама. Жақында өткен кеңесте мен осындай санаттағы қонақүйлерді іске қосуды тапсырған болатынмын. Енді елордада тағы бір жақсы нысан пайда болды», деді Мемлекет басшысы.

  500 орынға арналған бизнес санатындағы бұл кешенде 3 мейрамхана, 4 ас бөлме, караоке-бар, спорт-бар мен жаттығу залы, сондай-ақ сауықтыру орталығы, 2 мәжіліс залы жасақталған. Айта кетейік, жоба 2003 жылдан бері АВС Investments Holding компаниясымен жүзеге асырылды.

 «Бұл қонақүй бастапқыда эконом классқа арналып салынды. Мұндағы нөмірлердің бағасы 12 мың теңгеден басталады. Осы баға саясаты  еліміздің өңірлерінен келген кез келген мемлекеттік қызметкер мен менеджерлер үшін қолжетімді. Атап айтқанда, осында 5 жұлдызды қонақүйлер көрсететін сервис бар», деді АВС Investments Holding дирекциясының жетекшісі Сабыржан Нұржанов.

 Астана әкімдігінің мәліметі бойынша, бүгінде қалада 135 қонақүй бар. Оның ішінде 4-еуі - бес жұлдызды, 7-еуі - төрт, 23-і - үш жұлдызды, ал қалғандары бірінші санатқа жатқызылатын мейманханалар.

Соңғы жаңалықтар