Елбасы елордада өткен мерекелік концертті тамашалады

None
None
А. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті. Аталған мерекелік шараны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіп тамашалады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Концерттің алдында өткен салтанатты жиында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов барша әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ осы мерекелік шараға қатысқан Үкімет мүшелері де өздерінің құттықтауларын арнады.

Концерт бағдарламасында ҚР халық әртісі Әлібек Дінішев, Лаки Кесоглу, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медеу Арынбаев, «Ялла» ансамблінің әншісі Фарух Закиров, сондай-ақ халықарлық байқаулардың лауреаты Азамат Жылтыркөзов пен Игорь Благодарный өнер көрсетті. Кеште Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас», Д. Тухмановтың «Сибоней», «Клавелитос», Ш. Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» және «Ана туралы жыр», Қ. Шілдебаевтың «Жан ана», тағы басқа әндер орындалды.

Соңғы жаңалықтар