Елбасы еліміздегі су қоймаларының қауіпсіздігін тексеріп, оларды мемлекетке қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды

None
None
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасы еліміздегі су қоймаларының қауіпсіздігін тексеріп, оларды мемлекетке қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл жайында бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Ақсу ауданындағы су тасқынына байланысты өткен кеңесте жүктеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Су қоймалары жеке меншікте болып және оның қауіпсіздігі бақыланбаған жағдайдың барлығы тексеріліп, мемлекетке қайтарылуы керек. Бұл бірінші кезекте - халықтың қауіпсіздігі», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы орайда, су қоймалары жеке меншікте болған кезде олардың қауіпсіздігі тұрғысындағы шаруалар жыл сайын тиісті деңгейде орындалғандығы туралы тексерілмегенін сынға алған Президент Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын төмен бағалады.

Соңғы жаңалықтар