Елбасы экологияны ластайтын инвесторларды жауапқа тартудан қорықпауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстарын күшейту керек. Мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арналған Жолдауында жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Президент онлайн түрде қолжетімді экологиялық мониторинг жүйесін құруды тапсырды.

«Экология бойынша бізде Энергетика министрлігі жауап береді. Олардың қадағалауы өте әлсіз. Қоршаған ортаны ластағандарға заң жүзінде талапты күшейту керек. Алдыңғы күні Еуропарламент Еуроодақта зиянды заттарды бөлу 40 процентке азаятынын айтты. Ал, біз қайда қарап отырмыз. Қоршаған ортаны ластаған адамдарға айыппұлды көбейту қажет. Қорықпау керек. Біздің инвесторлар өз отанында тырп ете алмайды, бізге келеді де емін-еркін ластауға көшеді. Жұмыс істеп отырған мемлекетті сыйлау керек», - деді Президент.

Еске сала кетейік, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мәтіндік трансляциясын таратты.

 

Соңғы жаңалықтар