Елбасы: Егін орағы науқанына тыңғылықты дайындалу керек

None
None
АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада Үкіметтің қатысуымен өткен кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егін орағы науқанының дайындық жұмыстарына баса назар аудару керектігін тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Егін орағы науқанына тыңғылықты дайындалу керек. Атап айтқанда, оларды уақтылы қаржыландыру шараларын қамтамасыз ету қажет. Әрине, бұл ретте ауа райы астық шығымдылығына өзінің әсерін тигізетін болады. Дегенмен, Қазақстан диқандары мемлекет тарапынан жыл басынан бері жасалып жатқан елеулі жұмыстарға тиісінше жауап беріп, біз өнім экспортын төмендетіп алмайтынымызға үміт артамыз», деді Президент.

Осыған орай Мемлекет басшысы Үкіметке егін орағы науқаны кезінде жанар-жағармай бағасының тұрақты болуын қадағалауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар