Елбасы Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда белгілі актер Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметінен.

Кездесуге, сондай-ақ әйгілі Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымының мүшелері қатысты.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.

«Өзіңіздей танымал тұлғамен жүздескеніме қуаныштымын. Сізді бүкіл әлем біледі», - деді Елбасы.

Қытай актері алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.

null null null

Соңғы жаңалықтар