+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Елбасы ДСҰ-ның бас директорын ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2016 жылғы 26 мамыр 18:38
Бөлісіңіз:
Елбасы ДСҰ-ның бас директорын ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведоны қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуде тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі аясында

өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың бұдан арғы перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы біздің елдің ұйымға қосылу жолындағы ұмтылысы жөніндегі келіссөздер үдерісі кезінде көрсеткен қолдауы үшін Р.Азеведоға алғыс айтып, бірлесе жұмыс жүргізген жылдарда қол жеткізілген өзара іс-қимылдың деңгейі жоғары болғанын атап өтті.

Р.Азеведо қабылдау үшін ризашылық білдіріп, біздің елмен ынтымақтастықтың тиімділігі зор екенін айтты.

Қазақстан Президенті кездесу барысында Р.Азеведоны достықты нығайтуға және ынтымақтастықты жолға қоюға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Р.Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевқа естелік кәдесый ретінде Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі хаттамаға қол қоюға қолданылған қаламсапты тарту етті.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT