Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сондай-ақ Елбасы Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар