Елбасы «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің құқықтық негiздерiн жасауға бағытталған «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Соңғы жаңалықтар