+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Елбасы Цукуба университетінің құрметті докторы атанды

2019 жылғы 23 қазан 10:00
Бөлісіңіз:
Елбасы Цукуба университетінің құрметті докторы атанды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің құрметті докторы атағы берілді. Елбасына құрметті доктор куәлігін Цукуба университетінің президенті Кёсукэ Нагата табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы «Алматыкітап» баспасының басшысын қабылдады Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаевты қабылдады Елбасының тарихи сәттері: Тәуелсіздік таңы атқаннан бүгінге дейін

Цукуба университеті Жапониядағы педагогтарды тәрбиелейтін алғашқы жоғары оқу орны ретінде 1872 жылы Токиода құрылған болатын. 1973 жылы университет Цукуба қаласына ауыстырылып, ірі көпбейінді білім ордасы ретінде қайта құрылды. Қазіргі уақытта Цукуба университеті Жапонияның жетекші жоғары оқу орындарының ондығына кіреді әрі елдің ең кешенді зерттеу университеті саналады. 30-ға жуық алдыңғы қатарлы зертханасы мен ғылыми-зерттеу мекемесі бар. Университет әлемнің 61 елінің 320 университімен және институтымен академиялық серіктестік қатынасты жолға қойған. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ҰПУ Педагогика және психология институты бар.

Цукуба университетінде жапон Үкіметінің қаржыландыруымен «Sustainable Development Goals in Central Asia» атты жаңа магистрлік бағдарлама ашылған. Орталық Азия елдеріндегі адами ресурстарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған бағдарлама аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары мен магистранттарының тағлымдамадан өтуі көзделген.

Қазіргі уақытта Цукуба университетінде елімізден 6 магистрант пен 4 докторант білім алып жатыр. Жалпы, осы уақытқа дейін 105 қазақстандық студент гуманитарлық мамандықтарда білім алды.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэның арнайы шақыруымен жапон императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT