+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Елбасы бұл қиындықтан бірлік пен тәртіп алып шығатынын айтты – Бейсенбай Тәжібаев

2020 жылғы 8 сәуір 17:35
Бөлісіңіз:
Елбасы бұл қиындықтан бірлік пен тәртіп алып шығатынын айтты – Бейсенбай Тәжібаев

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елбасы «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында қауіпті індеттің таралуына алаңдап отырған елдің көңіліне демеу боларлық келелі ойлар айтты. Бұл туралы пікірді «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейсенбай Тәжібаевтың сөзінше, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев мақаласында сан қилы статистикаға тоқталмай, стратегиялық бағыттарға аса мән берген. Бастысы, мемлекеттің халықпен бірге екенін ұғындыра білген.

«Елбасы бұл қиындықтан бірлік, тәртіп және болашаққа деген сенім алып шығатынын айтты. Мемлекет тарапынан коронавирустың алдын-алу бойынша жедел әрі сапалы жұмыстар қолға алынғанына атап өтті. «Әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыруы қажет. «Nur Otan» партиясының мүшелері де осы бір сауапты істің алдыңғы қатарынан табылуға тиіс», – деді Елбасы. Бұл ретте Түркістан облысында сақтық шаралары күшейтілгенін, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен нақты жұмыстар атқарылып жатқанын айта кеткен жөн»,- деді «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, өңірде Елбасы бастамасымен «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы арқылы 3 мыңнан астам отбасыға азық-түлік және гигиеналық заттар жеткізілген. «Түркістан» әлеуметтік-корпоративтік даму қорында ел кәсіпкерлері айрықша үлес қосып, жанашырлық танытуда. Мемлекеттік қызметкерлер де бір күндік жалақыларын аударған. Осы қолдаулардың нәтижесінде әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, тыл ардагерлері мен жалғызбасты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты түрде көмектер беріліп отыр. Сондай-ақ, жекелеген демеушілер де акция аясында қарапайым халыққа барынша көмектесуде.

«Елбасы Үндеуінен кейін құрылған республикалық «Birgemiz» қоры арқылы еліміздегі ең ірі 23 қаладағы 150 мыңнан астам тұрғынға 50 мың теңгеден көмек беріледі. Бұл санатқа Түркістан қаласы да еніп отыр. Облыс орталығында 4903 отбасы партияның үйлестіруі арқылы қаржылай көмекке ие болмақ. Бүгінгі мақаласында Ұлт Көшбасшысы бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеп, шыңдала түсуіміз керек екенін айтты. Қиын кезеңде елге демеу болып, жұртшылықты індетке, дағдарысқа қарсы күреске жұмылдыруға үлес қосып жатқан Елбасының бұл әрекеті – Отанға деген сүйіспеншілік пен перзенттік парызға адалдық. Елбасы қазақстандықтарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына қолдау білдіріп, тапсырмаларын сапалы жүзеге асыру керектігіне үнемі мән беріп келеді. Ең бастысы, мемлекет әрбір азаматтың қауіпсіздігіне, дамуына қолдау көрсетуді жалғастырады. Төтенше жағдайдағы ережені қатаң сақтап, жұдырықтай жұмылып, бірлігімізді сақтай білсек, бұл тығырықтан да шығамыз»,- дейді Бейсенбай Тәжібаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT