+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елбасы бірқатар кездесу өткізді

2019 жылғы 11 қараша 19:12
Бөлісіңіз:
Елбасы бірқатар кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасы Ұлттық мүдделер орталығының президенті, «The National Interest» журналының баспагері Дмитрий Саймспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар жаһандық күн тәртібіне қатысты пікір алмасты, сондай-ақ әлемнің жетекші державалары арасындағы диалогты жолға қою жөніндегі шараларды талқылады.

Елбасы АҚШ-Ресей қатынастарының сарапшысы ретінде Дмитрий Саймстың «Астана клубының» жұмысына қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті.

Кездесу барысында Елбасы Жозе Мануэль Баррозуға «Астана клубының» жұмысына қатысқаны үшін алғысын білдірді.

«Біздің достығымыз бұрыннан бері жалғасуда. Сіздің Еуропалық Комиссияға төрағалығыңыз кезінде біз кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қойдық. Өзіңізге белгілі, мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасымын. Енді біздің ұйымымыз бен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты жолға қою маңызды», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Жозе Маннуэль Баррозу Қазақстанның Еуропа елдерімен серіктестігін қол жеткізілген келісім аясында одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT