Елбасы белсенділер санын арттыру үшін партиялық қайта өркендеуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерін іріктеуді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия барынша барлық бағдарламаларды, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, сайланған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсыныстарын іске асыруы керек. Біздің партия осыған жұмылып, орындалу барысын бақылап, Үкіметке әкімдермен бірге өз орындарында есеп беріп, күнделікті мәселелерді шешуі тиіс. Қол сермей бермеңіздер. Бағдарламалар мен қаржыландыру бар. Жұмыс істеңіздер. Қолдарыңыздан не келетінін көрсетіңіздер. Демек, өңірлерде барынша жұмыс жүргізіп, әрбір адаммен жүкті көтерісу керек. Алдағы сайлауда белсенді әрі лайықты партияластарды ортаға шығару үшін жағдай жасау қажет«, - деді Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Елбасының айтуынша, партия құрамында қазіргі уақытта белсенді азаматтар жоқ емес - бар, «бірақ бүгін ол жеткіліксіз болып тұр».

«Бүгін мен жүйелі түрде партиялық қайта өркендеуді ұсынамын. Оның тақырыбы – «Сенім. Диалог. Болашаққа сенім. Партияның тиісті импульстары». Біріншіден, партияның белсенді мүшелелерін біріктіруі тиіс. Оларды – «ядролық» деп атау керек. Ядролық деген – ядролық бомба емес, белсенді мүшелер деген сөз. Көшеге шығып, шындығын дәлелдей алатындар. 800 мың партияластың ішінде кім өзін белсенді түрде көрсете алады? Шымкентте партияның туын жыртып кеткенде ешкім былқ еткен жоқ. Бәрі отырды. Партия қайда болды? Кейін ғана қалпына келтірілді. Міне, осы кезде белсенділік көрінуі керек еді», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар