Елбасы белгілеген бағыт жалғасын табатын болды - Нұрлан Нығматулин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде ҚР Президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасының ұсынылуы - жан-жақты ойластырылған, халқымыз үшін өте дұрыс шешім. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деп есептейді, денп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасының қасында жүріп, көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Сонымен бірге, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын өте жақсы біледі, сондықтан, өзінің алдағы жұмысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси бағытын одан әрі тиімді жалғастырып, еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз», - деді Нұрлан Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар