Елбасы бастамасымен қолға алынған «Жол картасы» аясында еліміз өңірлерінде үлкен істер тындырылды - Р.Түсіпбеков

None
None
Л. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жол картасы» аясында еліміз өңірлерінде үлкен істер тындырылды.

 Бұл туралы қыркүйектің 29-ында «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жұмысшыларымен кездескен ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Жолдауы аясында атқарылып жатқан ауқымды шаруалар жөнінде әңгімелеген Р.Түсіпбековтің айтуынша, Қазақстан «Жол картасы» арқасында дүниежүзілік дағдарыстың салқынын сезіне қойған жоқ. Аталмыш бағдарламаға жалпы мөлшері 19,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлініп, облыстарда азық-түлік, жанар-жағар май бағаларын қымбаттатпай ұстап тұру бағытында кәсіпкерлік нысандарымен сегіз мыңға жуық меморандумға қол қойылды. Жыл аяғына дейін 300 мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Елбасы Жолдауына сәйкес студенттердің стипендиясы, қариялардың зейнетақысы өсті. Басқа да әлеуметтік әлжуаз топтарға мемлекет тарапынан қамқорлық кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Р.Түсіпбеков жұмысшылар сауалдарына да жауап берді.

Министр әділет департаментінде осы сала қызметкерлерімен кеңес өткізіп, алда тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді.

Соңғы жаңалықтар