Елбасы барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады

None
None
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Елбасы барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс мерекесі 9 мамыр күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Жеңістің болған кезі бізден алыстай берген сайын оның қадірі мен қасиеті өсе береді»,-деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ҚР Президенті соғысқа қатысқан ардагерлердің саны жыл сайын арамызда азайып бара жатқанын баса айтып, сондықтан оларға қолдан келгенше барлық қамқорлықты аямау керектігін баса айтты.

«Кейін олар кетіп қалғанда өкінбейтін болайық. Бұл сұрапыл соғысқа 1 млн. 800 мың қазақстандық аттанып, соның тең жартысы елге қайтпады. Соғыс жылдарында алған жарақаттарынан қайтыс болды»,-деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар