Елбасы барлық дәрі-дәрмектің бағасын заңнамалық тұрғыда реттеуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. 

Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген, деп атап өтті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу керек.

Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын.

Сондай-ақ, заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажет», - деп атап өтті Елбасы.

 

Соңғы жаңалықтар