Елбасы Әзербайжанды ЕАЭО жанындағы мемлекеттік бақылаушы болуға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО елдері арасындағы ынтымақтастыққа баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында жүздесіп отырмыз. Жеке мен үшін Тұңғыш Президент ретінде 30 жылдық кезеңнің алар орны айрықша. 30 жыл бұрын уақыт бізден жаңа батыл шешімдерді қабылдауды талап етті. Біздің мемлекеттеріміз арасында үзілген сауда байланыстарын қалпына келтіру қажет болды, дәл сол кезде 1994 жылы мен Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында ЕАЭО құру идеясын алғаш рет ұсындым», - деді Тұңғыш Президент.

Өз сөзінде Елбасы географиялық жағынан жалпы тарихы мен дәстүрлері жақын елдердің өзара тиімді ықпалдастық негізінде дамуы қажеттігін айтты.

«Жиырма жыл бойы барлық мемлекеттердің қажырлы жұмысы қажет болды және қазір бұл идеялардың бәрі жүзеге асты. Біз Еуразиялық экономикалық кеңестің толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасу кезеңінен өттік, ол ұлттық экономикалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ауқымды бірыңғай нарыққа айналды. ЕурАзЭҚ құрылғаннан бері одақ мүшелері бір-біріне тиімді көмектесетін сенімді әріптестер, одақтастар екенін көрсетті. Бүгінгі таңда COVID-19 пандемиясынан туындаған әлемдік сын-қатерлер жағдайында бізге одан да көп ынтымақтастық қажет», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас халық Өзбекстанға ЕАЭО жанындағы мемлекеттік бақылаушы мәртебесі берілгенін маңызды оқиға деп атады.

«Екінші жағынан, мен Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас көпжылдық келіспеушіліктен кейін дұрысталғанына шын жүректен қуаныштымын. Менің ойымша, біз бәріміз осындай пікірдеміз. Сонымен қатар, бұрын айтылғандай, Әзербайжан Республикасымен де бақылаушы болу үшін келіссөздер жүргізуге болады деп санаймыз. Мұнда Өзбекстан тәжірибесі үлгі болуы керек, меніңше Өзбекстан бұдан көп нәрсе ұтты. Биыл қыркүйек айында ЕЭК пен ШЫҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық. ЕАЭО елдері ЕО-мен, ШЫҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында түркі мемлекеттерінің ұйымдары құрылды, бұған дейін айтқанымыздай, «Үлкен Еуразия» деп аталатын 4 жақты экономикалық форум құруды ойластыруға болар еді», - деді Н. Назарбаев.



Соңғы жаңалықтар