Елбасы: Ауылдық округтердің өз бюджеті қалыптасатын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауылдық округтердің өз бюджеті қалыптасатын болады. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасындағы «Назарбаевпен ең бастылар жайлы...» деректі сұхбатында осылай мәлім етті.

«Былтырғы жылы барлық ауыл, аудан және облысқа тәуелді қалалар әкімдерінің сайлануы жүзеге асты. Бұл атқарушы биліктің 91 пайызы сайланады деген сөз. Екіншіден, бұл құрылымдарға біз өкілеттіктер беріп жатырмыз, қазірдің өзінде 67 өкілеттік орталықтан соларға берілді. Үшіншіден, біз ауылдық окуругтерге өздерінің бюджеттерін қалыптастыратын боламыз, осы арқылы олар жергілікті мәселені өздері шешулері керек. Неге қай ауылда қандай жол салу керектігі облыс немесе республика деңгейінде шешілуі тиіс», - деді Елбасы орталықсыздандыру туралы айта келе.

Президент орталық функциялары да төменгі буынға берілгенін жеткізді. Соның арқасында министрліктер саны 17-ден 12-ге қысқарған.

«Осындай жергілікті функциялардың бәрін өздеріне - төменге берсек, онда бұнда жоғарыдан отырып, бәрін де атқаруға болады. Сондықтан да, Парламентке де көбірек өкілеттік беріледі. Қазірдің өзінде президенттік-парламенттік республикамыз. Өйткені, Үкімет басшысын жеңіске жеткен партия тағайындайды. Партиялар осыған келуі керек. Бұның бәрі заңымызда ұсынылған», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар