Елбасы ауыл шаруашылығын өркендетуге үлес қосқан барлық қызметкерлерге алғыс айтты

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығын өркендетуге үлес қосқан барлық қызметкерлерге алғыс айтты.

«Биылғы мерейлі жылда егін бітік шықты. Қамбамыз астыққа толды. Бұрын болып көрмеген зор табысқа жеттік. Биылғы астық Қазақстан үшін рекордтық болды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ерен табысқа жетіп, ел ырысын еселеп, тәуелсіздік тойына лайықты тарту жасады. Сондықтан, бүгінгі кездесуді қуанышты, мерекелі кездесу деп айтуға да болады», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы ауыл шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосқан барлық қызметкерлерге шын жүректен алғыс айтып, зор табыс тіледі.

«Бұл Сіздердің тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнаған тартуларыңыз, төгілген тердің өтеуі, ерен еңбектің нәтижесі деп білемін», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар