Елбасы ауыл шаруашылығын нығайтуға ұдайы көңіл бөліп отыр - Ж.Ерғалиев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сенат депутаты Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Бұланды ауданында болған сапары кезінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық және егіс жұмыстарын өзінің уағында өткізу жайына көңіл бөлді.

Аудан әкімі Мұрат Балпан сенаторды алдағы егіс жұмыстарына әзірліктің барысымен және ауыл шаруашылығының қазіргі даму жағдайымен таныстырды. Қазіргі уақытта бұландылықтар жыл сайын астықтан мол ірі тұрақты өнім алып келеді. Астананың азық түлік белдігін жасаудағы да үлестері қомақты бола түсуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үшін инвестиция тарту да жақсарып келеді.

«Елбасы ауыл шаруашылығын нығайтуға ұдайы көңіл бөліп отыр,- деді сенатор өз сөзінде. - Қазір республика бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл ауыл адамдарының өз шаруашылықтарын дөңгелетіп алып кетулеріне зор мүмкіндік ашып отыр. Оның үстіне «Сыбаға» бағдарламасы да әр ауыл тұрғынына берілген үлкен көмек», - деп сөзін жалғады сенатор.

Соңғы жаңалықтар