Елбасы ауыл шаруашылығын дамыту жолдарын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде ауыл шаруашылығын дамыту жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз урбанизацияны жасанды түрде жасап жатқанымыз жоқ. Урбанизация жасайық деген бағдарлама жоқ. Ол - халықтың өзінің қозғалысы. Оған кедергі болу қиын. Сондықтан, бұл мәселенің ол жағы, шынында да, бар. Бірақ, дүниежүзіне қарайтын болсақ, алып мемлекет - Американың ауыл шаруашылығында еңбектеніп, өнім шығаратын халқының көлемі - 5 пайыз. Бізде халықтың 43 пайызы ауылда тұрады. Бірақ, соның 20 пайызы ғана ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Қалғаны - келіп-кетіп, қала төңірегінде тұратындар. Өнімнің өнімділігі ауылда жоғары. Техника, химия өнімдері сол жақта көптеп шығарылады. Соның арқасында өзінен-өзі ауылда жұмыскерлер қысқара береді. Ешкім қазір бекерге ақша жұмсағысы келмейді. Бәрі ақшаны есептейді. Сондықтан, біз ауыл шаруашылығына көп көңіл бөліп келе жатырмыз», - деді Елбасы «Хабар» арнасына берген сұхбатында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, барлық мемлекеттер ауыл шаруашылығы саласына субсидия бөледі.

«Ауыл шаруашылығы саласына бірінші күннен бастап көп көңіл бөлдім. Неше түрлі реформа жасадық. Қазірдің өзіндегі бағдарламаларда субсидия бар. Екіншіден, бізде өнімділік өте төмен. Гектарына 13-14 тонна (астық) алсақ, қуанамыз. Ал мына көрші Қытайда 25-тен кем алмайды. Канадада одан да жоғары. Жері бізбен бірдей. Неге? Себебі, бізде тыңайтқыштар жетіспейді. Біз әлі техниканы алып болғанымыз жоқ. Сондықтан, ауыл шаруашылығын солай қарай дамытатын болсақ, өзінен-өзі ондай адамның керегі жоқ болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар