Елбасы Атырау xалқына алғыс білдірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау халқын ресми түрде Астананың 20 жылдық мерейлі датасымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ Президент мұнайлы өлке халқы атынан тарту етілген «Атырау көпірі» үшін жұртшылыққа ризашылығын жеткізді.

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа жолдаған жедел хатында жазылған.

«Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы - барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш. Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты. Биыл бас қаланың туған күніне орай «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау облысы да ерекше сый жасады. Мұнайлы өңір сыйға тартқан велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпір - сәулет өнерінің бірегей туындысы. Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және бүкіл Атырау облысының тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін», - делінген Астанадан жеткен жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар