Елбасы Астанада студенттерге медициналық қызмет көрсету тұрғысында тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді

None
None
АСТАНА. Қарашаның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада студенттерге медициналық қызмет көрсету тұрғысында тиісті жұмыстарды атқару қажет.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қаладағы жалғыз студенттік емхана  студенттер контингентіне қызмет жасауға үлгермей жатқанына тоқталған Елбасы, ондағы қызмет көрсету аясы қарастырылған жобадан 4 еседен асып түскенін, осы орайда Мемлекет басшысы студенттерге арналып салынып жатқан екінші емхананың құрылысын бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар Президент Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдікке қалада туберкулезбен, ісік ауруларын емдеу мен алдын ала тексеру мәселесін тиісті деңгейде атқаруды жүктеді.

«Елорда білім берудің, денсаулық сақтаудың жоғары деңгейімен ерекшеленуі тиіс. Осы орайда мен бұл мәселемен жеке айналысып жүрмін. Атап айтқанда, балалар үшін Астананы тартымды етуге университеттер, мектептер, ауруханалар салудамыз және бұл бағыттағы жұмыстарды алдымен осы жерден бастау керек»,-деді Президент. Осыған байланысты Елбасы қаладағы емхаларға қажетті дәрігерлерді даярлау мен аурухаларда халықтың  ұзақ уақыт кезекте тұруы мәселесін реттеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар