Елбасы: Астана - қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу күллі қазақстандықтардың еңбегі екендігін айтты. Бұл туралы ол Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында орналастырылған видеода мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстанды, еңселі елорда - Астананы салдық. Бұл күллі қазақстандықтардың еңбегі. Бұл қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі болды. Сондықтан да мен осы идеяны қолдаған барлықтарыңызға алғыс айтамын. Біз жаңа елордамызды сала алдық, енді оның 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Барлық астаналықтарға жақсылық пен береке-бірлік тілеймін», - деді Елбасы.

Публикация от AkordaPress (@akordapress) 5 Июл 2018 в 7:35 PDT

Соңғы жаңалықтар