+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елбасы «Астана» ХҚО-сын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті

2021 жылғы 21 қыркүйек 18:33
Бөлісіңіз:
Елбасы «Астана» ХҚО-сын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды elbasy.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолада Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлі талқыланды Семей жасөспірімдері 3 мың Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады Нұрсұлтан Назарбаев туралы 8 сериялы «QAZAQ: Алтын адам тарихы» фильмі көрсетіледі

Кездесуде тараптар пандемия жағдайындағы әлем экономикасының одан әрі даму перспективасына қатысты пікір алысты.

Елбасы әлемде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жаңа дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты.

– Бүгінде пандемия салдарынан күрделі кезең қалыптасып отыр. Осылай жалғаса берсе, жаңа дағдарыстар туындауы ықтимал. Қазірдің өзінде қарыз дағдарысы пайда болды, инфляция дағдарысы белең алып, энергия ресурстары арзандайды деген болжам бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгіме барысында тараптар өңірдегі экономикалық жағдайдың даму болжамдарын, сондай-ақ сын-қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу мәселелерін талқылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT