+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

2021 жылғы 28 қыркүйек 19:07
Бөлісіңіз:
Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда әкімі үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты Нұр-Сұлтан тұрғындары «көгілдір отынды» пайдалана бастады Елордада тәртіп пен тазалықты бұзушылар 27 млн теңге айыппұл төледі

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

– Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын «жасыл белдеу» қоршаған ірі мегаполиске айналды, – деді Елбасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT