+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елбасы Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

2021 жылғы 14 мамыр 19:00
Бөлісіңіз:
Елбасы Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде биыл 19 мамырда өтетін Қауіпсіздік Кеңесі отырысының күн тәртібі және жиында қарастыру жоспарланған құжаттар талқыланды.

«Аппарат Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына материалдарды дайындады. Отырыста екі мәселе қаралады. Біріншісі – Қарулы Күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі – шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде. Бірінші мәселе бойынша Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, негізгі басым бағыттар мен іске асыру кезеңдері анықталды. Сондай-ақ Үкіметпен бірге қаржыландыру және Тұжырымдаманы іске асыруға қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындардың қатысуы мәселелері қаралды», – деді Ә.Исекешев.

Өз кезегінде Қорғаныс министрі жаңа Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан армияны құрудың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT