Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Елбасы Армения Президентімен телефон арқылы сөйлесті

2018 жылғы 26 сәуір 10:20 196
Бөлісіңіз:
Елбасы Армения Президентімен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуал жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев достас Армения халқына бейбіт өмір мен тыныштық тілеп, барлық мүдделі тараптың туындаған саяси дағдарысты Армения Конституциясына сәйкес және заң үстемдігі негізінде диалог арқылы шешуінің маңызды екенін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT