Елбасы әр адамның өміріне, денсаулығына жауапкершілікпен қарауын айтты - Бахром Муминов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің арасында алғашқылардың бір болып кіріскендігі туралы «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында атап көрсетті, - дейді «Жамбыл облысы өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов.

Мақаламен толыққанды таныса отыра ауыр індеттің зардабы қабырғамызға аяздай батып тұрса да оны ел болып жеңетінімізге сенімділігім арта түсті. Әрине, бұл күндердің де өтетіні ақиқат қой. Алайда, осы дерттің салдарынан қаншама бауырларымыз жапа шегіп жатыр. Қайта дер кезінде атқарылып жатқан тиісті сақтандыру шараларының арқасында әлемнің кей елдерінен қарағанда біздегі жағдай бір қалыпты екені белгілі,-деген пікір білдіреді Бахром Муминов.

«Бүгінгі бейбіт күн уысымызға оңай олжа болып түспегені анық. Қазақстан қазіргідей бірігу мен бірлесуге негізделген саясатын ұзақ жылғы еңбек пен Елбасының мықты саясаткерлік қабілетінің арқасында қалыптастырған. Сондай-ақ Елбасы мақаласында Ата заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» нақты жазылғанын тілге тиек еткен. Бұл нені аңғартады. Бұл қандай жағдайда да еліміз үшін әрбір адамның саулығы мен салауатты өмірінің бірінші орында тұрғанын аңғартады. Әлемге ауыр батпандай батып тұрған індетті тек халқымыздың төзімділігі, ерік –жігері және өзіне деген зор сенімнің арқасында алып шығатынымыз, ол үшін бізге қажетті қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық – түліктің жеткілікті әрі оған абыржып, алаңдаудың еш себебі жоқ екендігі де мақалада ерекше айтылған. Сонымен қатар әрбір жан өзінің және отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жауапкершілік қарау керектігі атап өтілген. Себебі әрбір отбасы – халықтың, ал халық мемлекеттің басты негізі. Елбасы мақаласында ел бірлігі мен берекесі туралы баса айтты. Біздің алуандығымыз – бәсекелі және жаһандық әлемдегі баға жетпес байлығымыз бен артықшылығымыз.

Сондай-ақ мақалада дәл қазіргі уақытта бірде-бір адамның мемлекет қамқорлығынсыз қалмайтыны айтылған.

Елбасы мақаласын оқыған әрібір жанның көкейіндегі күдік сейіліп, сенімділігі артады, тек бүгінгі таңдағы жағдайда ғана емес кез келген уақытта көңілдеріне медеу болатынына кәміл сенімдімін, -деп түйіндейді «Жамбыл облысы өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.


Соңғы жаңалықтар