Елбасы Әнұранға қатысты Үкімет мүшелері мен депутаттарға ескерту жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін алтыншы сайланған ҚР Парламентінің екінші сессиясы ашылды. Сессияның ашылу барысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Конституцияның 59-бабына  сәйкес, алтыншы сайланған Парламенттің екінші сессиясын ҚР Президенті ашық деп жариялады.

 Жаңа сессияны ашылуы Қазақстанның Әнұранын орындаумен басталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әнұранды өзі де қосылып, бірге шырқады. Сосын жаңа сессияның ашылуына қатысты сөз сөйлеуге кіріспес бұрын Елбасы қатысып отырғандарға ескерту жасады. «Үкімет мүшелері, депутаттар Әнұран айтылғанда бірге айтып тұрғаны жөн болады, жарасады», - деді Н. Назарбаев. 

Соңғы жаңалықтар