Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

2019 жылғы 26 маусым 18:01 835
Бөлісіңіз:
Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі.  

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың әкіміне бас қаламызды одан әрі дамыту үшін зор жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

«Кез келген мемлекеттің астанасы ел және үкімет басшылығының жіті назарында болады. Елорда әкіміне зор жауапкершілік жүктеледі. Еліміздің қонақтары, ең алдымен, Қазақстанның астанасына келеді. Бас қаланың даму деңгейіне қарап, жалпы мемлекеттің даму барысын бағалауға болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елорданың жаңа әкімінің жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін іскерлігі мен тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті.       

«Ел басшылығы және Үкімет Сіздің жұмысыңызға қолдау көрсетеді. Көп жұмыс атқарылуға тиіс. Елорда тұрғындары тарапынан қала басшылығына әрдайым жоғары талаптар қойылады», - деді Елбасы.

Алтай Көлгінов бас қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту үшін атқарылатын жұмыс туралы айтты. 

«Қазіргі уақытта қаланы дамыту үшін қабылданған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өсім деңгейін одан әрі қамтамасыз ету мақсатымен берілген барлық тапсырмалар орындалып жатыр. Экономикалық көрсеткіштер жақсы. Шағын және орта бизнес, сондай-ақ өндіріс көлемі артып келеді», - деді елорда әкімі.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT