Елбасы «Алматыкітап» баспасының басшысын қабылдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елбасы «Алматыкітап баспасы» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованы қабылдады. Бұл жөнінде Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің елдегі баспа ісінің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.

«Сіздің жетекшілігіңізбен «Алматыкітап» жақсы жұмыс көрсетіп отыр. Сіздер өте қызықты әрі жақсы кітаптар шығарасыздар», - деді Елбасы.

Сонымен бірге, Э.Баталова Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар