Елбасы Алматыда гипермаркеттен отандық өндірістен шыққан тауарлар сатып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Carrefour гипермаркетінде болды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almaty сауда орталығында орналасқан еліміздегі ең ірі Carrefour гипермаркетін аралап, Қазақстанда жасалған өнімдерді көрді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірістен шыққан тауарлар сатып алды», - делінген таратылған ақпаратта.

Гипермаркетте 450 қызметкер еңбек етіп жатыр. 8 мың шаршы метр аумақта 500-ге тарта отандық компанияның өнімдері қойылмақ, соның 130-ын - Алматы қаласы мен Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жеткізеді. Сауда үйіндегі барлық тауар түрлерінің ішіндегі отандық өнімдер үлесі шамамен 40-50% болады.

Қазақстанда Carrefour гипермаркетін аталған брендтің Орталық Азия, Африка және Таяу Шығыстың 38 еліндегі франшизаларының иегері Majid Al Futtaim компаниясы құрды.

Сондай-ақ, 2018 жылы Алматыда белгілі бренд Leroy Merlin гипермаркеті, McDonalds ресторан желісі ашылады. Жақында Starbucks кофехана желісі келушілерді қабылдай бастады.

Алматыда халықаралық брендтердің ашылуы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» жобасын жүзеге асыру жолындағы бизнесті жүргізуді жеңілдету жұмыстарының аясында мүмкін болып отыр.

Айта кету керек, бүгін Н.Назарбаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық пен қаланың дамуы мәселелеріне қатысты кеңес өткізбек.

Соңғы жаңалықтар