Елбасы Алик Шпекбаевпен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті агенттіктің тиімділігін арттыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығын атап өтті.
- Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені жетілдіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Алайда, шет елдердің тәжірибесін зерттеуді жалғастырып, қылмыстың осы түрімен күресудің озық тәжірибелерін енгізуіміз керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне қатысуы қажеттігіне назар аударды.
- Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет. Заң бұзылған жағдайда азаматтар уақтылы хабарлауға тиіс, ал мемлекет белсенді азаматтарды қолдауы керек, - деді Елбасы.
Кездесу барысында А.Шпекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа орталық мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп «Адалдық алаңы» жобасын іске асыру барысы туралы баяндады.
- Әскери полиция басқармасының бастығы 1 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды
- Шығыс Қазақстанда 38 млн теңгені жымқырып, қашып кеткен есепші әйел ұсталды
- Проблемалық несиелер қорының қызметкері 20 млн теңгенің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді
- Қостанайдағы ХҚО директорының орынбасары пара алу күдігіне ілінді
-
Пара алған бас маман 26 млн теңге айыппұл төлейді
-
Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянға айып тағылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам