Елбасы әлемге саяси инновацияны көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шешімдері көптеген саясаткерлер мен сарапшылардың зерттеу нысанына айналды. Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәрінен бұрын Елбасы әзірлеген Бес институционалды реформаны және Ұлт жоспарын, сондай-ақ басқа да стратегиялық құжаттарды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Біздің партия әлеуметтік әділдікке, дамуға негізделген Елбасының бағытын тапжылмай тиімді іске асырады», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Үшінші жаңғыру еліміздің барлық салаларда қарқынды дамуын қамтамасыз ететінін, осы орайда жаңа технология, индустрия, білім мен бизнес, әлеуметтік қамтамасыз ету салалары назарда болатынын жеткізді.

«2019 жылдың 19 наурызында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекеттің тарихында жаңа кезеңді ашты. Өзінің шешімдерінің арқасында ол барлық әлемдік қоғамдастықтың зор құрметіне ие болды. Шын мәнінде, біздің Көшбасшы әлемге саяси инновацияны көрсетті. Бұл қадам көптеген саясаткерлер мен сарапшылар тарапынан тыңғылықты зерттеудің нысанына айналды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - жаһандық ауқымдағы саясаткер және әлемдік тарихта осылай қала береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар