Елбасы әлемдік державалардың басшыларын Қазақстанға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әлем ядролық державаларын Нұр-Сұлтан қаласында бас қосып, уағдаластыққа қол жеткізге шақырды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі барлық сын-тегеуріндер мен сын-қатерге бетпе-бет келіп отырған жаһандық қоғамдастық өзі бойынан даналық тауып, біздің ғаламшарымыздың болашағы үшін диалогқа қарай батыл қадам жасауы тиіс. Бұл диалог егер де барлық ядролық державаның басшылары келіссөздер үстеліне отырар болса, нәтижелі болмақ», - деді Елбасы бүгін «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде.

Осы ретте, Қазақстан Тұңғыш Президенті АҚШ, Ресей және Қытайдың және өзге де ядролық державалардың басшыларын қазақ жерінде кездесіп, уағдаластыққа қол жеткізуге ресми ұсыныс жасағанын айтты.

«Мұндай жайт тарихта бірнеше рет болып, ірі мемлекеттердің басшылары барлық уақытта да адамзаттың ертеңгі күні үшін өздеріне жауапкершілік алды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін де, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де солай болды. Нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Өйткені, барлық жанжалдар келіссөздермен аяқталады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар