Елбасы АҚШ-тың Шетелдік жеке инвестициялар корпорациясының президентімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  АҚШ-қа ресми сапары барысында «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» (OPIC) мемлекеттік агенттігінің президенті Рэй Уошбернмен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы әңгіме барысында кездесудің маңыздылығына тоқталып, қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық жобалар жөнінде айтты.

«Біз «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Халықаралық  «ЭКСПО-2017» көрмесін өткіздік. Көрме инфрақұрылымының базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрамыз. Оның барлық қатысушыларына айрықша жеңілдіктер қарастырылған», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция саласындағы қатынастарды нығайтудың және өзара тиімді экономикалық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Р.Уошберн «ЭКСПО-2017» көрмесінен алған әсерімен бөлісіп, алдағы уақытта Қазақстанның «Kazakh Invest» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатынын айтты.  

Соңғы жаңалықтар