Елбасы Ақмола облысындағы «Жәкен-1» ЖШС кәсіпорнында болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасы Н.Назарбаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында Шортанды ауданындағы «Жәкен-1» ЖШС кәсіпорнында болды.

Мемлекет басшысы шаруашылықтың егістік алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы техникалары мен өнімдерінің көрмесімен танысты.

Серіктестік басшысы Виктор Ковалевтің айтуынша, шаруашылық осы күні егіншілікпен айналысуда. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 11057 гектар жердің, 9382 гектары егістік және  1453 гектары жайлымдық. Серіктестік биылғы жылы 8 504 гектарға дәнді дақылдарды сепкен. Оның 6 459 гектары бидай, 2 045 гектары арпа. Қазіргі кезде егін орағы қарқынды жүргізілуде. Астық шығымы да жаман емес. Өткен жылы серіктестік диқандары әр гектарынан орташа есеппен 16,2 центнерден астық алды. Биылда сол үрдістен шығу көзделген.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терін науқанының барысы туралы баяндалды.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар