Елбасы: Әкімдер есебі формальдылыққа айналып кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңір әкімдері халыққа жақын болуы тиіс. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бізде өңірлік дамуда айтарлықтай айырмашылық бар. Неге бір облыстың жолы жақсы, ал екіншісінде нашар? Бір жерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тұрақты болса, енді бір жерлерде іркіліс орын алуда? Демек, шынымен жұмыс істейтін, адамдардың проблемасын білетін және шешетін әкімдер бар деген сөз. Дегенмен, халықпен тілдесуден қашатын және өңір тұрғындарының шынайы қажеттіліктерін қаперге алмайтындар да бар", - деді Елбасы.

Осы ретте Мемлекет басшысы өңір әкімдері халыққа жақын болуы және олардың игілігі үшін барлығын жасауы қажеттігін баса айтты.

"Әрине, олар жұмыс істеп жатыр. Жұмыс істемейді деп айта алмаймын. Бірақ, халыққа жақын болуы керек. Қазір бізде әкім жылына бір рет есеп беретін тәртіп бар. Алайда, ол формальдылыққа айналып кетті. Әкімдер жылына бір рет емес, жыл бойы халықтың түрлі санаттары: дәрігерлермен, мұғалімдермен, жастармен кездесуі тиіс. Бізде түрлі бағдарламалар бар, жеткілікті ресурс та бөлінген. Бірақ, нақты нәтижелер көрінбейді. Ешкім түсіндірмейді. Мұндайға жол берілмеуі тиіс", - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар