Елбасы академик Шармановты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

None
None
Ы. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев медицина ғылымдарының докторы, профессор,

Ресей медицина ғылымдарының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төрегелді Шармановтың 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, хат жолдады.

Құттықтау хатты бүгін Алматыда өткен «Тағамтану және денсаулық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов оқып берді.

«Құрметті Төрегелді Шарманұлы! Сіз еңбек жолыңызды ауыл дәрігері болып бастап, еліміздің денсаулық сақтау министріне дейінгі қызметтердің бәрін де абыроймен атқарып, жұртшылықтың шынайы алғысы мен құрметіне бөленіп келе жатқан азаматсыз. Қай істе де өзіңізді білімді маман, дарынды ұйымдастырушы, қашанда ел мүддесін басты міндет санайтын, жан-жүрегіңіз таза тұлға ретінде таныта білдіңіз. Ғылым жолындағы қызметіңіздің де өте жемісті екеніне сүйсінеміз. Ғылым докторы, профессор, Медицина институтының ректоры, КСРО Медицина ғылыми академиясының академигі бола жүріп, жүздеген ғылыми еңбектер жаздыңыз. Әлемдік медицина саласына қосқан үлесіңіз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Леон Бернард атындағы халықаралық сыйлығымен атап өтілді. Кейінгі жастарымыз әрдайым өзіңіздей абзал ағаларымыздың жолын ұстап, өнегесін үлгі тұтып өссе екен деймін.Аман болыңыз, Төке! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілеймін!», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар