+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елбасы академик Серік Қирабаевтың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2021 жылғы 26 қазан 12:44
Бөлісіңіз:
Елбасы академик Серік Қирабаевтың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы академик Серік Қирабаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Саналы ғұмырын басыбүтін ғылыми-педагогикалық қызметке арнаған Серік Смайылұлы отандық әдебиеттану саласын дамытуға қомақты үлесін қосқан ірі ғалым болатын. Ол өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап орта мектепке арналған оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазу және жетілдіру ісіне аянбай атсалысқан зор парасат иесі, ұлағатты ұстаз еді.

Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы қайраткерлігімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді, соңына көптеген мәнді ғылыми зерттеулері мен ізбасар шәкірттерін қалдырды», – делінген жеделхатта.

Елбасы Серік Смайылұлының ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Бүгін көрнекті әдебиеттанушы ғалым, сыншы, академик Серік Қирабаев дүниеден озды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT